Олжас Сүлейменов: “Бейбітшілік эстафетасын жастарға тапсырайық”.

Ақын, саяси-қоғам қайраткері, Қазақ КСР халық жазушысы(1990), дипломат Олжас Сүлейменов ҚР Тәуелсіздігінің және Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай өткен кездесуде зияткерлерге Семей полигонын жабылу тарихіне тоқталып, тың ақпараттарды айтып жеткізді.

Антиядролық қозғалысты Невадамен байланыстырған себептерін, 1989-шы жылы ақпанның басынан қазан айы арасындағы уақытта 40 жыл қазақ еліне зардап әкелген Семей полигонының жабылуы үшін жасалған үлкен іс-әрекеттерді айта келіп, Олжас Омарұлы сол жылғы қазанның 19-да соңғы жарылыстан кейін полигон мәңгілікке үні өшкені халықтың ұлы жеңісі деп атап өтті.

Сол қозғалыстың басында тұрған ақын өзі үшін Семей полигоны жабылған күн 1989 жылғы 19 қазан деп санайтынын айтты.

– “Невада-Семей” қозғалысының халықаралық деңгейде танылып, қолдауға ие болған кезде БҰҰ мінбесінде айтылған үндеуімді басқа халықаралық қозғалыстары қолдап, әлемді ядролық қауіптен біржолата құтқаратын үлкен мүмкіндік туған еді. Сол кезде Совет Одағы тарап, геосаясат күрт өзгеріп, ойымның жүзеге асырылмай қалғаны менің өмірімдегі ең қатты өкініш ,- деп сыр шертті ақын.

Зияткерлер тағлымы мол, пайдалы да мазмұнды кездесуден алған әсерлерімен бөлісті :
– Биыл 85-жасын атап өткен Олжас Сүлейменов біз үшін ХХ ғасырдың көрнекті тұлғасы, көшбасшысы. Бүгін Олжас Сүлейменовтан құнды тарихи сабақ алғандай болдық.

– Ақынның ойлары, бізге берген өсиеті, бейбітшілікті бізге, жастарға, тапсыратыны үлкен жажауапкершілік артады.

Categories:

Конкурстық іріктеудің тікелей эфирі 2024 ж.
Трансляция конкурсного отбора 2024 г.

X