Алматы қаласының химия-биология бағытындағы NIS жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары мен Алматы қаласы мен облыс мұғалімдеріне арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында оқушылардың «SOFT SKILLS» даму ерекшеліктері» семинар-практикумын онлайн-режимде өткізді. Онлайн-семинардың 300-ден астам тыңдаушысы үшін NIS тәрбие жұмысының маңызды технологияларының бірі ретінде SOFT SKILS – икемді дағдылары пайдалану бойынша мектеп директорының орынбасары Лаура Төлеуқызы Қыздарбекованың жетекшілігімен Алматы ХББ НЗМ кураторлық, психологиялық қызметкерлерінің, қосымша білім беру педагогтерінің тәжірибесі ұсынылды.

Мектеп психологтары А.О. Байгереева М. Е. Долбаев оқу жылынан бастап NIS-те бастау алған «Ата-аналар университеті» жобасы аясында оқушылардың икемді дағдыларын дамытуды тарату тәжірибесімен бөлісті.

Кураторлар Қаратілекова Б.А., Рысбеков Ә.Н., Өтеген ж. е., Оразбақ Ш. Е., Ниязалы А. С., Ажмадина А. А., Қалдыбай А. Б., Жусанбаев вебинарды екі тілде «Эмоциялық интеллект. Эмоцияларыңызды басқаруды қалай үйренуге болады?» тақырыбымен жалғастырды.

Жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері оқушылардың эмоциялары мен сезімдерінің табиғатын түсіну, стресске төзімділік дағдыларын дамыту, оқушылардың эмоцияларын түсінуге бағытталған практикалармен танысты.

Семинарда спикерлер тыңдаушыларға қазіргі таңда әлеуметтік-эмоционалдық оқыту бірінші қатарға шыққан кезде мектептердегі тәрбие жұмысын заманауи бағытқа бұрудың маңыздылығын жеткізді. Жаңа технологиялар жаңа білімге негізделеді, осы мақсатта НЗМ психологтары, кураторлары, қосымша білім беру педагогтары жыл бойы вебинарларда, курстарда, семинарларда білімдерін тереңдетуде, оқу үрдісінде меңгерген жаңа тәжірибені енгізуде. Өткізілген семинардың басты мақсаты алған білімдерімен, тәжірибелерімен жалпы білім беретін мектептердегі әріптестерімен бөлісу болып табылды.

Тыңдаушылар кері байланыс арқылы вебинардың өте мазмұнды, берер пайдасы зор екенін атап өтті:

– NIS кураторлары, психологтары тәрбие жұмысында тиімділікке қол жеткізу ісінде жақсы бағдар, білімге ие. Біз өзіміз үшін көп пайдалы нәрсе білдік. Қазіргі әлемде оқушыларды тәрбиелеу ұғымы туралы көзқарастарымызды жаңа бағытқа бұрғанын мойындау керек.

– Эмоционалды интеллект-болашақтың басты дағдысы. Бүгінгі семинар осы бағытта білім алуға және байытуға мүмкіндік берді. Біз өз мектептерімізде қолданатын тәжірибелердің жаңа лебіне ие болдық. Семинар мазмұнының жаңа форматы үшін ұйымдастырушылар, NIS директорының орынбасары Қыздарбекова Лаура Төлеуқызы және спикерлерге алғыс білдіреміз,-деп бөлісті қатысушылар.

Category
Tags

Comments are closed