NIS оқушысы Дарья Лигай республика көлемінде неміс тілінен үздік атанды

Алматы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «м» сынып оқушысы Дарья Лигай С1 деңгейін растайтын неміс тілінен ең жауапты және күрделі емтиханды тапсыру бойынша Қазақстандағы үздіктер үштігіне кірді.

Дарьяның жетістігі ХББ NIS қабырғасында екінші шет тілін төрт жыл бойы меңгеруінің нәтижесі болды.

Зияткер сонымен қоса  DAAD стипендиясына үміткер болып табылады, ол Германияның жоғары оқу орындарында оқу кезінде ай сайынғы қаржылық шығыстарды жабуға көмектеседі. Айта кету керек, Германия университеттерінде неміс тілінде оқу тегін және оған тиісті құжаттармен расталған тіл білімі деңгейі жоғары талапкер өтініш бере алады.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу дарынды оқушыға неміс тіліне ғана емес, химияға да сүйіспеншілікті оятты. Болашақ түлек өзінің болашақ мамандығын осы пәнмен байланыстырады және жетекші мамандандырылған кафедраларымен танымал Берлин немесе Лейпциг университеттеріндегі химиялық инженерия факультетін таңдап отыр.

Дарья Лигай химия пәнінен желілік олимпиаданың жеңімпазы, неміс тілінен желілік олимпиаданың жүлдегері, ғылыми жобалардың авторы болып табылады. 2019 жылы ол PAD стипендиясын жеңіп алып, Ыстықкөл жағалауында үш апталық оқу-тренингтерден өтті, онда Германия ЖОО оқытушыларымен химия мен биологияны неміс тілінде оқыды.

-7-ші сыныптан  неміс тілін үйренуді бастаған сәттен бастап Германияны әрі қарай оқуға мүмкіндік ретінде қабылдай бастадым. Германия химия өнеркәсібіндегі жетекші елдердің бірі болып саналады, мысалы, көптеген фармацевтикалық компаниялар сол елде орналасқан: Berlin-Chemie, Stada. Химиялық инженерия саласында оқу  кәсіби дамуымның жақсы мүмкіндігі деп таптым. Мені бұл сала өзінің пәнаралық байланысымен қызықтырады, ол химия, биология, математика және физика тоғысында орналасқан. Университетте оқу кезінде  білім мен тәжірибе алып, Қазақстан мен Германия арасындағы халықаралық ынтымақтастық  саласының дамуына үлес қосамын деп үміттенемін.

Мен өз мектебіме алғысымды білдіргім келеді, өйткені дәл осы жерде мен неміс тілін үйреніп, химияға терең ене алдым. Мектептің арқасында мен көптеген мықты ұстаздармен, оқушылармен кездестім, түрлі бағдарламаларға қатыстым, олар менің ой – өрісімді кеңейтті, сондықтан барлық ризашылығымды сөзбен жеткізу мүмкін емес, – дейді Дарья.

Неміс тілін жаңадан бастаушылар немесе жалғастырушылар үшін Дарья өзінің кеңестерімен бөлісті:

Ең алдымен, неміс тілін жақсы көру керек: оны мектеп қабырғасында ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де үйрену керек. Мысалы, жаңалықтар, шоулар, газет оқу, неміс тілінде музыка тыңдау арқылы.

Екіншіден, тәртіп керек. Кез-келген тілді үйренуде жетістікке жету үшін үнемі жаттығулар жасау керек, барлық дағдыларды бір уақытта дамыту керек: оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу

Үшіншіден, оқу ортасына толығымен енуге тырысыңыз: достарыңызбен немесе тіпті өзіңізбен сөйлесіңіз, жазбалар жазыңыз немесе неміс тілінде күнделік жүргізіңіз.               

Categories: