Алматы ХББ NIS- те бірден 18 зияткер неміс тілін меңгерудің В1- ге сәйкес келетін сертификат иегері атанды. DSD1 құжаты шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігінің (GER) алты деңгейлі шкаласы бойынша үшінші (В1) деңгейге сәйкес келеді. Бұл жетістік зияткерлердің жоғары лингвистикалық қабілеттерін көрсетеді.

Диплом иегерлерінің алдында Shtudencolleg-де, ал одан әрі Германия университеттерінде тегін оқу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Алматы NIS-те жыл сайын неміс тілін жоғары деңгейде меңгергенін растайтын диплом иегерлерінің саны артып келеді. Оқушылар НЗМ қабырғасында екінші шет тілдерін тереңдете оқудың арқасында Гете тілін білудің жоғары деңгейіне жете алады.

Қазіргі таңда Германияның жоғары оқу орындарында Алматы ХББ NIS-тің жеті түлегі білім алуда.

Category
Tags

Comments are closed