Мадина Уразова грант иегері атанды

________________________

💎News & World Report рейтингі бойынша Амхерст Колледжі – АҚШ-тағы №2 гуманитарлық университет.

Колледж өзінің әйгілі түлектерімен танымал, олардың ішінде Альберт II – Монако елінің королі және Валентинуа герцогы, Дэн Браун – американдық жазушы, «Да Винчи Коды», «Инферно» романдарының авторы, бірқатар физиология, медицина, физика, биология бойынша Нобель сыйлығының иегерлері, танымал саяси және қоғам қайраткерлері.

💎– Қабылдау процесі өте күрделі, бірақ қызықты өтті. «Алдын ала дайындал», «барлық жерде қатыс» деген классикалық кеңестерден басқа, үміткерлер өздерінің мүдделерінің айналасында өтініш жасауды ұмытпауы керек деп ойлаймын. Өзіңді, өзіңнің амбицияларыңды және болашақтағы жоспарларыңды көрсету маңызды, – деп Мадина оқуға түсу кезіндегі кеңестерімен бөліседі.

💎Университет негізгі қырық пәндер бойынша бакалавр дәрежесін береді. Мадина мамандық таңдауда Computer science бағытын көздеп отыр.

💫– Сонымен қатар мені оқу орны беретін өз мамандығымды құру мүмкіндігі қызықтырады. Осылай мен өзімнің қызығушылық білдіретін биология мен робототехниканы біріктіре алар едім, – деді болашақ түлек.

💎Мадина Уразова – Зияткерлік мектептің үздік оқушыларының бірі, ғылыми жобалары бойынша желілік байқаулардың, инновациялық идеялар конкурстарының жеңімпазы, пәндік олимпиадалардың жүлдегері, мектептің студенттік үкіметінің президенті болып үлгерді.

💫– Мен жақында Amherst түлегінің «The Privileged Poor» кітабын оқи бастадым және ол НЗМ сияқты мектептердің мүмкіндіктерін толық сипаттайды деп ойлаймын.

Аймақтардан келген студенттер үшін әлеуметтік лифт бола отырып, біздің мектеп – зияткерлерді оқудың басынан бастап біртіндеп университетке бейімдейтін орта. Бұл қабылдау кепілі болмаса да, ең жақсы университеттерде білім алу идеясын студенттердің санасына сіңдіре біледі. Мен мектепке, маған жолымда көмектескендердің барлығына алғыс айтамын. Менде екі НЗМ ресурстарын игерудің ерекше мүмкіндігі болды, ал алынған дағдылар менің өмірімде көмектесетініне сенемін, – деп ағынан жарылды Мадина.

Categories: