Category: Uncategorized

Алматы химия-биология бағытындағы NIS оқушыларының «OfourA» командасы «DARYN FIRST Championship» робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың іріктеу турының жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. 9 «А» сынып оқушылары Омаров Арсен, Қосан Арлан, Аманкелдин Олжас, Елтай Әли және 9 «F» сынып оқушылары Альфия Байжақып «FIRST Lego League Challenge»бағытында үздік атанды. «UStem robotics» қоғамдық қоры , Қазақстан Республикасы Білім […]
             Алматы химия-биологиялық бағытындағы NIS-те оқу тоқсаннын бастаған педагогикалық кеңес аясында «Мектептегі білім беру жүйесінің практикасына кейс-менеджментті енгізу» тренингі өтті. Тренингті мектеп психологтары мен директордың орынбасары Лаура Қыздарбековадан құралған, ЮНИСЕФ және Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс мектебінің кеңесшісі Людмила Кимнен арнайы оқытудан өткен шығармашылық топ өткізді. Мұғалімдер мен кураторларға арналған тренинг тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, […]
Спартакиада жұлдыздарыАстана қаласында волейболдан өткен NIS спартакиадасында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздар волейбол командасы II жүлделі орынды иеленді. Елордада үш күн аралығында өткен тартысты жарыста қыздарымыз жақсы ойын өрнегін көрсете білді, команданы алға шығуына әр волейболшы өз үлестерін қосты.Команданы жарысқа дене шынықтыру мұғалімі Альфия Халитова дайындады.
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те «Үздік мұғалім- 2022» мектепшіл байқауы дәстүр бойынша жылды қорытындылады. Екі айға жалғасқан  кәсіби сайысқа 10 мұғалім ниет білдірді. Алдыңғы кезеңдерден қорытындысы бойыншажылдық байқауға 6 үздік тәлімгер шықты. Байқау нәтижесінде  Бас жүлдені информатика пәнінің мұғалімі – Мұқанова Мақпал Абдусадыққызы жеңіп алып, жылдың үздік мұғалімі атанды. I орынды физика пәні мұғалімі Сандыбаев […]
Бүгін еліміздегі бір қатар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Samgau» алғашқы түлектер форумы өткізілді. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те тәжірибе мен біліммен бөлісу, кәсіби бағдар беру алаңында 600-ден астам түлектер мен оқушыларбас қосты. Жыл соңында өтіп жатқан айтулы оқиғаның басты ерекшелігі – өмірде өз орындарын тауып, еліміздің өркендеуіне үлестерін қосып жүрген түлектер Зияткерлік мектеп оқушыларының мамандықты таңдау, […]
2022  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасы «Тірек мектептерінің әуелетін жоғарлату» жобасы, «Ауыл мектебін қолдайық» әлеуметтік акциясы, «BOOKCROSSING» жобасы аясында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде болып қайтты. 🌱Акция барысында «BOOKCROSSING» жобасы арқылы жинақталған 160 дана кітап, оның ішінде 65 қазақ, 88 орыс, 7 ағылшын тілдерінде көркем әдебиеттер мен ғылыми-танымдық […]
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS-те Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік Күніне арналған концерт  «Нұр-Сазы» этно- фольклорлық оркестрдің орындауында  Құрманғазы  Сағырбайұлының  “Адай” күйімен басталды. –  Бұл күй – халықтың еркіндік жолындағы ерлікке толы күрестің ой-идеясын екпінді ұран түрінде шыққан күйлердің бірі,– деп жүргізушілер Құрманғазының күйлерінің шығу тарихын көрермендерге әңгімеледі. Күй, ән, өлең, би  шашу Тәуелсіздтіктің 31- жылдығына арналған […]
  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы «Мәдениет» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.  Диана ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Мақпал Мұқановамен «Қазақстан тарихы бойынша визуалды новелла» атты тарихты  зерттеуге арналған ойын-қосымша әзірледі. – Біз жобаны бір жылға жуық әзірледік. Ол көптеген функцияларды қамтиды және пайдаланушыларға өз елінің тарихын қызықты ойын арқылы зерттеуге […]
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Даналық бейсенбі» жобасы аясында 9″D»сыныбы «Алатау» шаңырағының ұйымдастыруымен «Фольклор — халықтық тәрбиенің озық үлгісі» тақырыбында фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Керім Шамшәдин Тұрсынұлы кездесу өтті. Керім Тұрсынұлы зияткерлерге берген сұхбатында жұмбақтың тарихына тереңінен тоқталды. Оқушыларға оның түпкі мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп өтті. Басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, […]
💫💫 XV Президент олимпиадасында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12”А”- сынып оқушысы Аяла Батанова химия пәнінен абсолютты жеңімпаз атанды. Жалпы есепте 2-орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Олимпиада 2022 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында жаратылыстану-математика циклы бойынша өтті. Жалпы қатысушылар саны 200-ден асты. Жетекшіcі: химия пәнінің мұғалімі Рахым Талпын.
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Амре Ерешев Тайланд елінде өткен International Math Challenge халықаралық олимпиаданың жеңімпазы  атанды. Әлемнің 81 елінен қатысқан оқушылардың арасында Амре оза шауып, 1-орынға ие болды. Зияткерге диплом мен  алтын медаль табысталды. Тренері- Алматы ХББ НЗМ оқытушысы, математика пәні мұғалімі Айбол Оразалиев. – Олимпиада 20 есепті […]
Алматылық химия-биология бағытындағы NIS-те «Даналық бейсенбі», «Қазақ әндері» жобасы аясында айтулы кездесу өтті. NIS төріне ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Қазақстанды әлемге танытқан, Еуропа, Азия елдерінде өнер көрсеткен сол кездегі Қыздар педагогикалық институтының шаңырағында құрылған әйгілі «Айгүл» ансамбілінің құрушыларының бірі, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Ағайша Исағулова шақырылды. 80-жасқа аяқ басқан қазақтың […]
Жас қазақстандықтарға арналған ауқымды челлендж үміткерлерге жеті өзекті бағыт бойынша дамуға шақырады. Қатысушылар болашақ дағдыларды игеріп, мақсат қоюды, уақытын ақылмен пайдалануды, басқаруды үйренеді. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің 9 «D» сынып Эльдана Мауленова Қазақстан бойынша 1796 медаль иегерлерінің қатарынан табылды: –– Бұл жобаға қатысқаныма, медаль иегері атанғаныма қуаныштымын! «Елбасы» медалі жобасы маған түрлі дағдыларды үйренуге, […]
✍🏾📚🖊️ Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлайды», «Даналық бейсенбі» жобалары аясында ақын, аудармашы, «Серпер» сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгермен кездесу өтті. Поэзиялық кеш қонақтың шығармашылығына, төл туындылары мен аудармаларына арналды. Ақын зияткерлерге поэзияға келген жолы туралы сыр шертті.– Мен жастайымнан кітапқа құмар болдым. Осы кітапқа деген сүйіспеншілік, махаббат мені осы жолға алып келді. […]
Зияткерлердің айтулы жетістіктері Елордада қарашаның соңында өткен STEM Халықаралық олимпиадада алматылық химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11«В»-сынып оқушысы Қанат Парпиев пен 11«А»- сынып оқушысы Асылбек Қаныбекұлы жүлделі II орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді . 500-ге жуық жоғары сынып оқушыларын бір алаңға жинаған тартысты дода екі кезеңнен тұрды.Қазақстан, Ресей, Өзбекстаннан келген 250 команда бірінші күні […]